Жаңалықтар мен оқиғалар
САХНА ТӨРІНДЕ "АСЫЛ ӘЖЕЛЕР" АНСАМБЛІ

Әйтеке би аудандық "Целинник" мәдениет үйінің ұйымдастыруымен "Рухани жаңғыру бағдарламасының 5 жылдығы аясында “Асыл әжелер” халықтық ансамблінің есептік концерті өтті.
"Қарты бар үйдің қазынасы бар» дегендей өнерпаз әжелер тек ән айтып ғана қоймай, аудан мәдениетінің дамуына өз үлестерін қосып, сондай-ақ салт-дәстүрімізді, қолөнерімізді, отбасы тәрбиесін жас ұрпаққа насихаттап келеді. Атап айтсақ, сахнада олар жүн сабап, ұршық иіріп, қазақылықтың исін аңқытқан әдемі көріністерін де паш етті.
Ансамбль мүшелері белсенді. Мәдени іс-шаралардан бөлек, кездесу кештеріне қатысып, жастарға қазақтың ұлттық салт-дәстүрлері жайлы, отбасы құндылықтары туралы ақыл- кеңестерін айтып отырады.
Ал әжелерді өнерпаз Жаналы Сералин мен аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Анар Әбенова да баянмен сүйемелдеп, кештің көркін келтіре түсті.

Ел арасында халқымыздың ән-жырын дәріптеп, дәстүр сабақтастығын жалғауды мақсат еткен әжелер қандай да құрметке лайық.Концерт соңында ауданның құрметті азаматы Ақансері Ермағамбет тілегі мен естеліктерін айтып, алғысын жеткізді.