Жаңалықтар мен оқиғалар
«РУХАНИ ҚАЗЫНА-2022» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІНІҢ ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢІНЕ ДАЙЫНДЫҚ БАСТАЛДЫ

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің ұйымдастыруымен 21 мамыр - Мәдениет және өнер қызметкерлері күні қарсаңында өтетін «Рухани қазына-2022» мәдениет және өнер ұйымдары мен қызметкерлерінің республикалық фестивалін өткізу және ұйымдастыру Қағидаларын облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының тапсырмасымен өңірдегі сайысқа қатысушы барлық деңгейдегі мәдени-демалыс ұйымдарына жіберілді.
Мақсат – еліміздегі мәдениет және өнер саласы қызметкерлерінің басын қосып, тәжірибе алмасу және өңірлердегі мәдени нысандардың имиджін нығайтуға бағытталған әлеуметтік-мәдени және білім беру жобаларының озық үлгілерін насихаттау.
Республикалық сайысқа өңірлік деңгейде жеңімпаз болып анықталған мәдениет ұйымдары мен қызметкерлері қатысады. Мәдениет ұйымдарының және қызметкерлерінің арасында өтетін конкурс бірнеше номинациялар және арнайы жүлделерден тұрады.

Өңірлік деңгейдегі кезеңге қатысу үшін облыстық мәдени-демалыс ұйымдары 2020 жылғы 15 сәуірге дейін облыстық халық шығармашылығы орталығына «Рухани қазына-2022» конкурсына қатысуға өтінімдерін тиісті Қағидадағы үлгілерге сай ұсына алады.