Жаңалықтар мен оқиғалар
АҚКӨЛДЕГІ "КҮЛКІ ШЕҢБЕРІ" КЕШІ

Әйтеке би аудандық "Целинник" мәдениет үйіне қарасты Ақкөл ауылдық клубы "Күлкі шеңбері" атты әзіл-қалжың кешін ұйымдастырды. Көңілді кешке жиналған жастар 5 топқа бөлініп, "Смайликтер сөйлейді", "Күлдіре білу", "Менің әзілім" тақырыптары бойынша әзіл құрап, көңілді көріністерімен көрермендерді баурап алды. Кеш соңында клуб жанынан құрылған "Сағым" драма театры имправизация жасап, әзілге құралған кино әлеміне шолу жүргізіп, өздерінің өнерлерін халыққа ұсынды.
"Күле білейік, күлдіріп жүрейік", деді клуб меңгерушісі Бибізада Дауылбаева.