Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мемлекеттік мекемесінің

«Облыстық халық шығармашылығы орталығы» МКҚК

РусскийҚазақ
В Актобе
°C

Жаңалықтар мен оқиғалар

АҚТӨБЕЛІК ЖАС ЖЫРШЫ

АҚТӨБЕЛІК ЖАС ЖЫРШЫ
          "Ер Едіге" жыр мектебінің жетекшісі, жырау Әділбек Сарин "Шашу" халықтық отбасылық ансамблінің мүшесі, Қазанғап балалар өнер мектебінің оқушысы, жас жыршы Тихон Козловпен кезекті сабағын өткізуде.

Айта кетейік, Жетесовтердің «Шашу» халықтық отбасылық ансамблі — ұлттық өнерімізді, соның ішінде дәстүрлі ән-жырымыз бен күйімізді дәріптеп келе жатқан өнер ұжымы.

Отағасы, белгілі жыршы Өмірхан Жетесов пен отанасы Амангүл Ешпанова өздерінің балаларынан бөлек, 18 ұл-қызды бауырына басқан,  жүректері мейірімге толы,  жақсылық нұрын шашқан өнегелі отбасы.