Жаңалықтар мен оқиғалар
КЕҢҚИЯҚТЫҚ ӨНЕРЛІ ӨРЕНДЕР

Кеңқияқ ауылдық мәдениет үйінің директоры Ардақ Мұғалқызы Құбашева арнайы «Ай Ару - Сұлтан» көркемсурет студиясының бір топ балаларына аудан орталығындағы көркемсурет мектебі және оқушылар үйіне экскурсия ұйымдастырды.
Балалар қызықты шеберлік сыныптарына қатысып, өздерінің де өнерлерін паш етті. Сондай-ақ балалар өздері жасаған түрлі қолөнер бұйымдары мен салған суреттерін сыйға тартып, алғыстарын жеткізді.
Жас ұрпақтың санасына қасиетті орындар ұғымын сіңіру мақсатында балалардың танымдық сапары Досшан ишан Қашақұлы мешіті мен аудандық орталық музейінде жалғасты.
Шын өнер – тазалықтың символы. Ал осы өнерге бет бұрған жас бүлдіршіндердің жетістігін атап, оған ортақ болу, ілтипат білдіру игі іс екені сөзсіз.