Жаңалықтар мен оқиғалар
ЫРҒЫЗ ХАЛЫҚ ТЕАТРЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ПРЕМЬЕРАСЫ

27 наурыз - Халықаралық театр күні Ырғыз аудандық "Арай" мәдениет үйінің халық театры Г.Хугаевтің "Қара шекпен" драмасын ұсынды.
Қойылымда жан-жануарлар арқылы адамның бойындағы кемшіліктері астарлы, пәлсапалық тұрғыда көрініс табады.
Туындыны тамашалауға келген аудан тұрғындары, әсіресе жастар көп болды. Аудан әкімі Нұрлан Қызбергенов "халықтық" атағы бар театр ұжымын құттықтап, өнерді дамытуға және туындыны сахналауға үлес қосқан әртістерге алғыс білдіріп, марапаттады. Сондай-ақ қатысушы өнерпаздар Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ж.Еріктің, "Арай" мәдениет үйінің директоры Н.Есмурзиннің Алғыс хаттары табыс етілді.
Қоюшы-режиссері Айбол Қозбақ.