Жаңалықтар мен оқиғалар
ӘЙГІЛІ "ШАШУ" АНСАМБЛІНІҢ КЕЗЕКТІ КЕЗДЕСУ КЕШІ

"Шашу» халықтық отбасылық ансамблінің кездесу кештері, дәріс-концерттері жалғасып жатыр.
Бүгін, 28 наурыз күні ансамбль мүшелері Ақтөбе гуманитарлық колледжінде болып, жастармен кездесті.
"Халықтық" атағы бар Жетесовтердің "Шашу" ансамблі жалғыз өнерге ғана емес, мейірімге, бірлікке, жылылыққа бөленген ерекше шаңырақ. "Шашу" - еліміздің мәдени-рухани өміріне елеулі үлес қосып келе жатқан өнерлі отбасы.
Шаңырақ иесі Өмірхан Жетесов белгілі жыршы, термеші, домбыра, гитара аспаптарын жетік меңгерген. Ол «сегіз қырлы, бір сырлы» азамат. Ал отағасының зайыбы Амангүл Ешпанова болса ансамбль жетекшісі, "Шапағат" медалінің иегері.
Сондай-ақ өздерінің балаларынан бөлек, 18 ұл-қызды бауырына басқан Өмірхан Жетесов пен Амангүл Ешпанованың өнерлі шаңырағы көпке үлгі.
Ұлттық өнерді насихаттап, ат тұяғы жететін жердегі дүйім елге өміршең өнерімен танылған "Шашудың" мүшелері бірінен-бірі өткен өнерпаздар. Балаларының алды жоғары және орта арнаулы музыкалық оқу орындарында, ал қалғандары Қазанғап атындағы балалар өнер мектебінде оқиды.
Ансамбль мүшелері домбыра мен қобыздан басқа, шертер, шаңқобыз, сырнай, жетіген, дауылпаз, тұяқтас, басқа да аспаптарда ойнайды.
Фольклорлық шығармалармен қатар, көне музыкалық аспаптарды насихаттап, халықтың әндерін айтып, күйлерін тартып, жыр-термелерін шырқайды.