Жаңалықтар мен оқиғалар
АҚКӨЛДЕГІ НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ

Әйтеке би ауданы Ақкөл ауылы жақсылықтың жаршысы, жаңа жылдың бастауы - Наурыз мейрамын атап өтті. Ақкөл тұрғындарын Наурыз мерекесімен ауыл әкімі Нұрлан Жұмашов құттықтап, қолдау білдіріп, демеушілік қолын созған азаматтарға алғысын білдірді. Спорт түрлерінен жарыстар өткізілді. Ақкөлдіктер асық ату, қол күресі, арқан тарту, гір көтеру, үстел теннисі, шахмат ойнау бойынша сынға түсті. Сондай-ақ "Бата - ел ырысы" батагөйлер байқауы, "Ақкөлім - жайлау мекенім" жас қаламгерлер сайысы, "Күш атасын танымас" айдарымен қазақ күресінен жарыстар ұйымдастырылды. Жиналған жұрт арнайы таратылған наурыз көже мен бауырсақтан ауыз тиіп, ауыл өнерпаздарының концертін тамашалады.