Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мемлекеттік мекемесінің

«Облыстық халық шығармашылығы орталығы» МКҚК

РусскийҚазақ
В Актобе
°C

Жаңалықтар мен оқиғалар

ӘЙТЕКЕБИДЕ «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» КАБИНЕТІ АШЫЛДЫ

ӘЙТЕКЕБИДЕ «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» КАБИНЕТІ АШЫЛДЫ
         Ұлыстың ұлы күні Әйтеке би аудандық "Целинник" мәдениет үйінде «Рухани жаңғыру» кабинеті ашылды. Ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Н.Нажмадинов, мәдениет, білім саласының қызметкерлері, көпсалалы колледждің ұстаздары, жастар қатысты.

- Жастарымыз, болашақ ұрпағымыздың өз тамырын, тарихын білу өте маңызды. Сондықтан ұлттық салт-дәстүрімізді, құндылықтарымызды насихаттап, жаңғырту мақсатында ашылған бұл рухани орталықтың бүгінгі ұрпаққа берері мол. Бағдарламаның «Туған жер», «Киелі Қазақстан» және басқа да бағыттары бойынша жұмыстарды жандандыра түсуге жастардың да атсалысуы керектігін, істелген істің нәтижесі маңызды, - деп атап өтті әкім орынбасары Нұрлан Нажмадинов.

         Аудандық көпсалалы колледжінің директоры М.Самұратұлы сөз алып, бұл бөлменің Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамында ашылуының өзі аудан жастары үшін үлкен сый болғанын айтып, қоғамдық сананы жаңғырту ісінің ұйытқысы боларына сенім білдірді. Ал Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Анар Әбенова бағдарлама шеңберінде атқарылған жұмыстардың ақпараттық насихатын ұйымдастырудың маңызы зор екеніне тоқталып, сондай-ақ алдағы жұмыс бағытына да тоқталып өтті.