Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мемлекеттік мекемесінің

«Облыстық халық шығармашылығы орталығы» МКҚК

РусскийҚазақ
В Актобе
°C

Жаңалықтар мен оқиғалар

ТЕМІРДЕГІ НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ

ТЕМІРДЕГІ НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ
         Темір ауданының орталығында Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамына арналған "Ұлы далы - ұлық күн" атты мерекелік шара өтті.
Қыдыр ата мен Көктем аруы бастаған көш-керуен мерекелік көңіл-күйде, сән-салтанатымен жарасып, Орталық алаңға келді. Жарапазан айтылып, қыз- жігіттердің бастаңғысы бейнелеген қойылым көпшілікті тәнті етті.

          Аудан әкімі Саламат Аманбаев тұрғындарды Ұлыстың ұлы күнімен құттықтап, белсенді тұрғындарды марапаттады.

Әуелеген әсем ән, мың бұралған би, бір-бірін мерекемен құттықтап, өзара қауышқан ел-жұрттың қуанышын еселей түсті.
        Орталық алаңда қаз-қатар тігілген ағаш үйлер халыққа есіктерін айқара ашып, қазан-қазан көже асқан мекеме-кәсіпорын ұжымдары келушілерге наурыз көже ұсынды.
         Сондай-ақ жәрмеңке қызып, түрлі спорттық шаралар ұйымдастырылды.