Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мемлекеттік мекемесінің

«Облыстық халық шығармашылығы орталығы» МКҚК

РусскийҚазақ
В Актобе
°C

Жаңалықтар мен оқиғалар

МҰҒАЛЖАРДАҒЫ НАУРЫЗ ТОЙЫ

МҰҒАЛЖАРДАҒЫ НАУРЫЗ ТОЙЫ
         Мұғалжардың аудан орталығында Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесі кең көлемде тойланды.
         Мерекелік шараға аудан тұрғындары мен мекемелер, кәсіпорындар белсене қатысты.
Орталық алаңға ақ шаңқан киіз үйлер тігіліп, қазанда наурыз көжелер қайнатылып, дастарқанға ыстық бауырсақтар төгіліп, тойға жиналған халық жер бетіне жақсылық ұялаған күнді жақсы көңіл-күймен қарсы алды.
         Тұлпар атқа мінген жаршылар жар салып, Наурыз тойына жол тартқан Қыз Жібек пен Төлеген, Жиренше шешен мен Қарашаш, Айман-Шолпан, Алдар көсе, Ақан сері, Біржан сал мен Сара, Жамбыл, Күләш, Құрманғазы, Дина, Ахмет Жұбанов ауылдарының көші келе жатқанын хабарлап, ұлттық киім киген қариялар мен жастар керуенін сән-салтанатымен қарсы алды.
         Театрландырылған қойылымның соңы ұлт мақтанышы, халқымыздың біртуар ұлдарының бірі, академик Ахмет Жұбановтың "Ақ көгершін" әнімен аяқталып, бейбітшілік белгісі ақ кептерлер ұшырылды.
         Мерекелік шара ұлттық ойындар мен аудан өнерпаздарының ән-шашуларына ұласты.