Жаңалықтар мен оқиғалар
ҚОШ КЕЛДІҢ, ӘЗ НАУРЫЗ!

Қарғалы ауданында болмысымыздың бүтін бір бөлігіне айналған Наурыз мерекесі ауқымды түрде тойланды.
Ұлыстың ұлы күніне арналған шара аудан әкімі Асқар Жүсібалиевтің құттықтау сөзімен басталып, театрландырылған қойылыммен жалғасты. Мереке барысында әсем әннен шашу шашылып, күмбірлеген күй төгілді.
Аудандық мәдениет үйі алаңында тігілген киіз үйлерде көпшілік ұлттық тағамдардан ауыз тиді.
Қол күрес тектес ұлттық сайыстар мен алтыбақан ойыны және этнографиялық көрме мейрамның көрігін қыздыра түсті. Қазақ күресінен бірнеше салмақ дәрежесі бойынша мықтылар анықталды.

Көктемнің жарқын мерекесі – жыл басы, сондай-ақ ағаштар бүршік жарып, төрт түлік төлдейтін, жылулықтың, ізгіліктің, табиғаттың жаңару күні құтты болсын!