Жаңалықтар мен оқиғалар
ҚАРҒАЛЫДА «ЖАЙЛАУ КҮНІ» ТОЙЛАНДЫ

16 наурыз – өңірде «Жайлау күні» болып белгіленді. Осыған орай Қарғалы аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің қолдауымен Мәдениет үйінде “Әз Наурыз - халық тойы”мерекелік іс -шарасы ұйымдастырылды. Шара бағдарламасында ұлттық ойындар ойналып, спорттық жарыстарда жүлдегерлер анықталып, әртістер өнер көрсетті. Көрермендер ұлттық тағамдар көрмесінен дәм татып, оларды дайындау жолымен танысты. Мерекелік концертте “Ақпейіл” халықтық вокалдық ансамблі бастаған өнерпаздар ән мен жырдан шашу шашты.