Жаңалықтар мен оқиғалар
ЖОСАЛЫДА КІШКЕНТАЙ АРУЛАР СЫНҒА ТҮСТІ

Қарғалы ауданы Жосалы ауылдық клубында «Кішкентай ару-2022» байқауы өтті. Байқауға ауылдағы орта мектептің бастауыш класстың қыз балалары қатысып, өз өнерлерін көрсетіп, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Сондай-ақ оларға ауылдық клубтың жанындағы спорт үйірмесіне қатысатын ер балалар қолдау көрсетті. Ал «Кішкентай ару-2022» атағын Анастасия Панченко иеленсе, басқа қатысушы қыздар да «Көрермендер көзайымы», «Сүйкімді ханшайым» т.б. номинациялардың жеңімпаздары атанды.
Ауылдық клубтың меңгерішісі Азиля Арыстанова сайыста үздік деп танылғандарға арнайы сыйлықтар мен алғыс хаттарды табыстады.