Жаңалықтар мен оқиғалар
ШУАҚ ШАШҚАН МЕРЕКЕ
Бүгін, 5 наурыз күні Қарғалы аудандық мәдениет үйінде 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне арналған “Шуақ шашқан мереке” атты салтанатты шара өтті.
Мерекелік шараға Ақтөбе қаласынан арнайы келген жүргізушілер мен әншілер Нұржан Оразов, Бағдат Төрехан, Рахат Дәуенов үлестерін қосып, ақжаулықты әжелерімізді, ардақты аналарымыз бен аяулы қыз-келіншектерді зор ілтипатқа бөледі. Асхат Айжарықов айтқан “Гүл сыйлайық әйелге” әнінде залдағы барлық аруларға гүлдер таратылды.Аудан әкімі Асқар Жүсібалиев мереке иелерін айтулы күнмен құттықтап, сыйлықтарын табыстады.