Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мемлекеттік мекемесінің

«Облыстық халық шығармашылығы орталығы» МКҚК

РусскийҚазақ
В Актобе
°C

Жаңалықтар мен оқиғалар

«ШУАҚТЫ ӘЖЕЛЕРДІҢ» КОНЦЕРТІ

«ШУАҚТЫ ӘЖЕЛЕРДІҢ» КОНЦЕРТІ
         Ырғыз аудандық "Арай" мәдениет үйінің жанынан құрылған "Шуақты әжелер" ансамблінің мерекелік концерті өтті. Айтулы шараға аудан әкімі аппаратының басшысы Бақтыбай Мырзағарин қатысып, өнер ұжымына игі тілегін білдіріп, гүл шоқтарын табыс етті. Сонымен қатар Ырғыз ауылдық округінің әкімі Айымгүл Оразымбетова және "Ақши сазы" халықтық әжелер ансамблі де кеш иелерін құттықтап, сый-сыяпат табыстады.
Концертте "Шуақты әжелер" ансамблі кө­рер­мендерге қазақ ком­позиторларының әндерімен қатар, халық ән­дерін тарту етті. Әрбір шығармашылық нөмірге зор қошеметін аямаған көрермендер әдемі кештен көтеріңкі көңіл күймен, ризашылықтарын білдіре тарқасты.

"Арай" мәдениет үйінің директоры Нұржан Есмурзин көрермендерге алғысын білдіріп, ансамбльдің құрылу тарихына қысқаша тоқтала кетті.