Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мемлекеттік мекемесінің

«Облыстық халық шығармашылығы орталығы» МКҚК

РусскийҚазақ
В Актобе
°C

Жаңалықтар мен оқиғалар

АНАЛАР МЕН АРУЛАРҒА ҚҰРМЕТ

АНАЛАР МЕН АРУЛАРҒА ҚҰРМЕТ
          Әйтеке би ауданы Ақкөл ауылдық  клубында 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне арналған "Аяулы нәзік,  асыл жандарым" атты мерекелік концерт өтті. Ақкөл ауылдық округінің әкімі Нұрлан Жұмашов жеке қожалықтармен бірлесе отырып, ақ жаулықты аналарды және қыз-келіншектерді мерекемен құттықтап, дастарқан жайды. Даналық пен мейірімділік, сұлулық, ізгілік салтанат құрған мереке ақкөлдік нәзік жанды әйел қауымын үлкен қуанышқа бөледі.

Концертті мектеп оқушылары  қазақ биімен ашып, ауыл әкімі Н.Жұмашов сөз сөйлеп, балаларын өнерге баулып жүрген ата-аналарға алғыс хаттарын табыстады.

          Шара барысында ауыл өнерпаздары Әбдіжалиев  "Мама", А.Амандықұлы "Жан досыма", С Әкімбаев "Әже", С.Аймұханбетов "Бір шәугім шай", Б.Дауылбаева "Миллион раушан гүл", хор ұжымы  "Анаға сағыныш", "Менің анам" әндерін айтса, балалар  аналарға  арналған жырларын тарту етті. "Сағым" театры "Анаға сәлем" музыкалық компазициясын қойып, көрермендерді тәнті етті. Кеш қонағы, 74 жастағы Әкімбай Медетов ақсақалдың барша аналар мен ауруларға айтқан әні ерекше әсерге бөледі. Сондай-ақ ауыл әкімшілігі мен клубының өкілдері әжелер мен көпбалалы аналардың үйіне барып, құттықтап, сый-құрмет көрсетті.