Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мемлекеттік мекемесінің

«Облыстық халық шығармашылығы орталығы» МКҚК

РусскийҚазақ
В Актобе
°C

Жаңалықтар мен оқиғалар

«МҰҒАЛЖАР АРУЫ» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

«МҰҒАЛЖАР АРУЫ» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ
          Мұғалжар аудандық мәдениет үйінде "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында Ақтөбе облысының 90 жылдығы және Халықаралық әйелдер күніне орай ұлтымыздың  салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын жастардың бойына сіңіру, қазақтың төл мәдениеті мен өнерін дәріптеу мақсатында "Мұғалжар аруы-2022" байқауы өтті. Байқауға сымбатына сәні жарасқан, өнеріне сәні сай келетін 16-25 жас аралығындағы 8 бойжеткен ару қатысып, берілген 5 шарт бойынша сынға түсті.

          Жинаған ұпай қорытындысы бойынша Гүлсая Кесікқұл бас жүлдеге ие болды. Бірінші орынға Даяна Төлеген, екінші орынды Қамажай Жарылқағанова иеленді. Ал үшінші орын Ақерке Ақылбекова мен Жаңылсын Оразаеваға бұйырды. Сонымен қатар "Сымбатты ару","Шебер ару", "Өнерлі ару"  номинацияларымен Несібелі Жолдасбайқызы, Жансәулік Күзенбаева, Жанар Ахметқалиева марапатталды. Жеңімпаздарға аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы С.Хамзинаның дипломы және бағалы сыйлықтар табысталды.