Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мемлекеттік мекемесінің

«Облыстық халық шығармашылығы орталығы» МКҚК

РусскийҚазақ
В Актобе
°C

Жаңалықтар мен оқиғалар

1 НАУРЫЗ АЛҒЫС АЙТУ КҮНІ

1 НАУРЫЗ АЛҒЫС АЙТУ КҮНІ
          Облыстық халық шығармашылығы орталығы Алғыс айту күніне арналған  мерекелік концерт ұйымдастырды. Концерттің композициясы еліміздегі өзге ұлт өкілдерінің қазақ халқына деген ризашылығына арналған бағытта құрылды. Мерекеге орай өткен мәдени шарада түрлі этнос өкілдері өнер көрсетті. Шараны «Отаным Қазақстан» әнімен «Ладушки» үлгілі вокалдық хореографиялық ансамблі ашты. Талантты балалар эстрада, хореография жанрлары бойынша өнерлерін ортаға салып, көрерменнің жүрегіне жол тапты. Кешке жиналған көрермен ерекше ықыласпен тарқасты.