Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мемлекеттік мекемесінің

«Облыстық халық шығармашылығы орталығы» МКҚК

РусскийҚазақ
В Актобе
°C

Жаңалықтар мен оқиғалар

ДӘСТҮРЛІ ӘНШІ ҚҰРАЛАЙДЫҢ ШӘКІРТТЕРІНІҢ МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТІ

ДӘСТҮРЛІ ӘНШІ ҚҰРАЛАЙДЫҢ ШӘКІРТТЕРІНІҢ МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТІ
          Облыстық халық шығармашылығы орталығының дәстүрлі әншісі, "Әдеп" халықтық тобының мүшесі Құралай Әленова жетекшілік ететін үйірме мүшелері, шәкірттері 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік концертін өткізді. Дәстүрлі ән үйірме мүшелеріне қаладағы №27 мектеп-лицейінің, №№16,40,47 орта мектептерінің оқушылары және гуманитарлық колледждің білім алушысы Тұмар Бисенғали, Арнұр Ермекбай, Нұрайым Әлмырза, Жангүл Жұбайлық, Сандуғаш Оспанқызы қатысады. Шығармашылық кеште үйірме мүшелері Б.Тәжібаевтың «Ақбұлақ», «Туған жер», Ш.Сүлейменнің «Анаға сағыныш», халық әндерін әндерді шырқады.

Төл өнерді ту еткен өнерпаздардың салған әндеріне ата-аналары мен көрермендер риза болып, қол соқты. Үйірменің басты мақсаты - халқымыздың өнер қазынасын жұртшылыққа кеңінен насихаттап, жастарды ұлттық рухта тәрбиелеу, ұрпақтар сабақтастығын жалғастыру