Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мемлекеттік мекемесінің

«Облыстық халық шығармашылығы орталығы» МКҚК

РусскийҚазақ
В Актобе
°C

Жаңалықтар мен оқиғалар

ЕКІ ӨНЕР ОРДАСЫ ӨРЕНДЕРІНІҢ КОНЦЕРТІ

ЕКІ ӨНЕР ОРДАСЫ ӨРЕНДЕРІНІҢ КОНЦЕРТІ
             Облыстық халық шығармашылығы орталығының «Шашу» халықтық отбасылық ансамблі мен Қазанғап атындағы балалар өнер мектебінің бірлескен концерті өтті.
           Өнерлі балалардың бірі ән салса, енді бірі күмбірлете күй шертті. Шара барысында Қазанғап атындағы балалар өнер мектебінің білім алушылары Айжан Қаңтарова, Қуан Смаилов, Анастасия Соколовская «Егеменді елім», «Мама», тағы басқа көптеген әндерді шырқаса, ал Тихон Козлов «Шындық» жырын жырлап, Александар Погорелова жетіген аспабында Н.Тілендиевтің «Аққу» шығармасын ойнады. Сондай-ақ жас күйші Батыр Мұханбетсағыров пен Төлеген Жетесов Құрманғазының «Балбырауын», «Адай», Қазанғаптың «Торы аттың бөгелек қағуы» күйлерін тартты.

            Бүгінде өздерінің балаларынан бөлек, 18 ұл-қызды бауырына басқан Өмірхан Жетесов пен Амангүл Ешпанованың «Шашу» халықтық отбасылық ансамблі - дәстүрлі әніміз бен күйімізді дәріптеп келе жатқан өнер ұжымы. Балаларының алды студент атанса, ал қалғандары Қазанғап атындағы балалар өнер мектебінде оқиды. «Шашу» халықтық отбасылық ансамблі қазақтың көне аспаптарын насихаттауға зор үлес қосып келеді. Ансамбль мүшелері домбыра мен қобыздан басқа, қазақтың шертер, шаңқобыз, асатаяқ, сырнай, сазсырнай, сыбызғы, дауылпаз, тұяқтас, жетіген, басқа да аспаптарында ойнайды.