Жаңалықтар мен оқиғалар
Ақтөбе облыстық халық шығармашылығы орталығына 60 жыл

2021 жылғы 5 қарашада Ақтөбе облыстық халық шығармашылығы орталығы (бұдан әрі-ОХШО) 60 жылдық мерейтойын атап өтті.
Мерейтойлық мереке «Халық шығармашылығы – рухани жаңғырудың негізі» атты аймақтық практикалық конференциядан басталды. Игі іс-шараны облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Алтынай Юнисова құттықтау сөзімен ашты. Конференцияда ұжымды құттықтап, Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жеңіс Сейдуллаұлы бейнеқұттықтау сөзін арнады.
Басқосуда Атырау облыстық халық шығармашылығы орталығының директоры Жәнібек Аманиязов, Батыс Қазақстан облыстық халық шығармашылығы орталығының ақпарат, басылым және жарнама бөлімінің жетекшісі Айгүл Орынғалиева, Қ.Жұбанов атындағы АӨУ кәсіби шығармашылық факультетінің деканы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Сабыржан Мұхтаров, Ойыл аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысының орынбасары Шамшырақ Жоламанова, "Аqtóbe» телеарнасының редакторы Нұрболат Досжан қатысып, бірлескен жұмыс бағыттары бойынша іс-тәжірибелерін ортаға салып, халық шығармашылығын дамыту төңірегінде тұшымды ой-пікірлерімен бөлісті.
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен тұспа-түс келген Ақтөбе облыстық халық шығармашылығы орталығының 60 жылдық мерейтойы аясында қос мерекеге орай ұжымның тарихы мен қызметі жинақталған «Өңір мәдениетінің мәйегі» атты кітабының және «Ер Едіге» жыр мектебінің ұстаздары мен шәкірттерінің жыр дискісінің тұсаукесері өтті. Тұсаукесер рәсімінде облыстық халық шығармашылығы орталығының директоры Ләйла Омарова, «Ер Едіге» жыр мектебінің ұстаздары, жырау Әділбек Сарин, ақын, мәдениеттану ғылымдарының докторы, С.Бәйішев универститетінің аға оқытушысы Есентүгел Әзи құттықтап, тілектерін айтса, күйші, қазанғаптанушы Әбілахим Шаншаров ақсақал ақ батасын берді.
Сондай-ақ клуб қызметкерлерінің «Ауыл айнасы» облыстық байқауының қорытындысы жарияланып, жеңімпаздары марапатталды.
Одан әрі мерейтойлық шара «Фольклор – бабалар мұрасы» тақырыбындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының «Астана сазы» қазақ мемлекеттік фольклорлық ансамблінің көркемдік жетекшісі, композитор Бауыржан Ақтайдың «Шашу» халықтық отбасылық ансамблінің қатысуымен және "Жыр – ұрпаққа аманат» атты «Ер Едіге» жыр мектебінің ұстаздары мен шәкірттерінің шеберлік сағаттарына ұласты.
Орталықтың 60 жылдығы "Өнермен өрілген жылдар" атты мерекелік концертімен аяқталды.
Концертте Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешовтың құттықтау хаты оқылып, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Алтынай Юнисова облыс әкімінің бірінші орынбасары Р.Хамбаровтың Алғыс хатын Орталық директоры Л.Омароваға және екі қызметкерге табыстады. Шара барысында бөлім жетекшісі Алтынгүл Губайдулина «Мәдениет майталманы» және «Әдеп» халықтық тобының жетекшісі Қуанышгүл Серікбаева «Еңбек даңқы» төсбелгілерімен марапатталды.
Концертте "Көңілді жігіттер" ансамблінің 30 жылдан соң қайта бірігіп, халықпен қауышуы мерекенің сәнін келтіргені сөзсіз. Осыдан отыз жыл бұрын Ақтөбе облыстық халық шығармашылығы орталығы жанынан құрылып, мәдениет ордасының мерейтойында әннен шашу шашқан "Көңілді жігіттер" көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Бүгінде өнер әлемінде өзіндік қолтаңбалары бар дарын иелері, қысқа мерзімде үлкен дайындықпен ансамбльді киелі сахнаға алып шығып, ұмытылмастай әсер қалдырды.
Сонымен қатар белгілі эстрада жұлдыздары Аллаберген Жақсыбаев, Сәния Жұмабекова, Жұлдыз Нұрқасымова, Аймұрат Мәжікбаев сынды өнер иелері ән шашуларын арнады.
Орталықтың 60 жылдық тарихы - жарқын мәдени оқиғаларға, дәстүрлер мен жетістіктерге бай.
Облыстық халық шығармашылығы орталығы – өңірдегі барлық мәдени-демалыс мекемелерінің жұмысын үйлестіруші және әдістемелік-тәжірибелік көмек беретін заманауи орталық.
Басты мақсаты – қазақтың өнер қазынасын жұртшылыққа кеңінен паш етіп, жас буын өкілдерін ұлттық рухта тәрбиелеу, ұрпақтар сабақтастығын жалғастыра отырып, салт-дәстүрімізді, ән-әуенімізді, күйлеріміз бен жырларымызды өз нақышынан айырмай, замана үнімен үндестіріп, халықтық өнердің туын биікке көтеріп, насихаттау, жандандыру.
60 жыл ішінде мекеменің атауы 4 рет өзгерді: облыстық халық шығармашылығы үйі, облыстық халық шығармашылығы және мәдени-ағарту ғылыми-әдістемелік орталығы және қайтадан облыстық халық шығармашылығы үйі, ал қазіргі атауы - Ақтөбе облыстық халық шығармашылығы орталығы.
ОХШО-ның алғашқы директоры ҚазКСР еңбек сіңірген өнер қайраткері, Ақтөбе мәдени-ағарту училищесінің түлегі Сергей Пузырев болды. Әр жылдары халық шығармашылығы орталығын Ираида Грибановская, Александр Великий, Лариса Сладкова, Владимир Гужан, Гүлсаяжан Есімбаева, Нұрлыбек Қалауов, Орынбасар Тереков басқарды. 2017 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін мекемені ҚР мәдениет саласының үздігі Омарова Ләйла Есенкелдіқызы басқарады.
Халық шығармашылығы орталығының қалыптасуы мен дамуына облыстың белгілі мәдениет және өнер қайраткерлері өз үлестерін қосты. Атап айтсақ, Маржан Қорғанбаева, Назира Табылдинова, Айгүл Арынғазиева, мәдениет саласының ардагерлері Роза Тасирова, Райса Компакова, Сәкен Есенаманов, Наталья Петрова т.б.
Орталықта мониторинг, талдау және әдістемелік жұмыс, халық шығармашылығын қамтамасыз ету, мәдени-демалыс қызметін ұйымдастыру бөлімдері, шығармашылық бірлестіктер жұмыс істейді.
Бүгінде Орталық өңірдегі 197 қалалық, аудандық мәдениет үйлері мен ауылдық клубтардағы 1119 клубтық құрылымдардың, оның ішінде 156 «халықтық» және «үлгілі» құрметті атақтары бар көркемөнерпаздар ұжымдардың өнерін насихаттап, олардың шеберліктерін арттыру мақсатында облыстық іс-шаралар ұйымдастырып, республикалық, халықаралық байқау, конкурстар өткізіп келеді.
Жыл сайын ОХШО «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында бірқатар ірі жобаларды жүзеге асырады. Солардың бірі – облыс әкімдігі мен облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен "Ер Едіге – Ноғайлы дәуірінің жыры" музыкалық антологиясын жарыққа шығару және "Ер Едіге" жыршылар мектебінің ашылуы.
Іргетасы 1960 жылы қаланған мекеме облыстық, республикалық, халықаралық байқаулар мен фестивальдерді, ақындар айтысын өткізіп, халық шығармашылығы жетістіктерін насихаттап келеді екен. Бұл тұрғыда 1997 жылдан бастау алған «Жас дәурен» облыстық жастар мен студенттердің фестивалін, «Балдәурен» балалар шығармашылығы байқауын, Қазанғап атындағы «Ақжелең» халықаралық күйшілер байқауын, Н.Тапалова атындағы «Бидің нұры – Нұрсұлу» республикалық би байқауын, аймақтық «Өнерім - өрісім» отбасылық ансамбльдер мен «Театр - өнердің ұлы көші» халықтық театрлар фестивалін, «Едіге деген ер екен» жыршылар сайысын, және т.б. көптеген дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын іс-шараларды атап өтуге болады.
Әсіресе елді мекендердегі мәдениет ошақтары ауыл тұрғындары мен жастардың бос уақыттарын тиімді өткізу жолында түрлі мәдени шаралардың ұйытқысы болуда. Облыстық мәдени-демалыс мекемелері де көп жылдан бері қалыптасқан, имидждік шараларын тұрақты өткізіп келеді. Атап айтсақ, "Ғасырлар пернесі" (Мәртөк ауданы), "Аймақты әнмен тербетіп" (Ырғыз ауданы), "Ән мен жырдың ақбұлағы" (Байғанин ауданы), "Қалықташы әсем ән" (Темір ауданы), "Еркелей аққан Ор өзені" (Хромтау ауданы), "Айрық айшықтары" (Мұғалжар ауданы) т.б. Бұл мәдени жобалардың қай-қайсысы болмасын, үлкен еңбектің арқасында атқарылып жатқан ұжымның жұмысы.
«Дүниеде өнер көп, өнерді танып, қанаттандырушы шебер көп» дегендей, Орталықта жоғары деңгейдегі, мәдени-демалыс қызметінің бағыттарын жетік меңгерген кәсіби мамандар жұмыс істейді. Олар ҚР Мәдениет және спорт министрлігінен, облыс әкімдігінен, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бірнеше рет жоғары баға алып, Құрмет грамоталары және Алғыс хаттармен марапатталды. ОХШО-да ҚР мәдениет саласының үздігі, "Шапағат" медалінің иегерін алған мамандар жұмыс істейді.