Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мемлекеттік мекемесінің

«Облыстық халық шығармашылығы орталығы» МКҚК

РусскийҚазақ
В Актобе
°C

Жаңалықтар мен оқиғалар

ҚАРҒАЛЫДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ АҚЫНДАР АЙТЫСЫ

ҚАРҒАЛЫДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ АҚЫНДАР АЙТЫСЫ
          20 қазан күні Қарғалы ауданы әкімдігінің қолдауымен Мәдениет үйі "Отыз жылдық орда" атты облыстық ақындар айтысын өткізді.
          Айтысқа ақындар, халықаралық айтыс ақындары мен жыршы-термешілер одағының мүшесі Оралбай Кометия, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі Талғат Тілеулес, композитор, әнші, ҚР мәдениет саласының үздігі Орал-Қосай Байсеңгір қазылық етті.
          Сөз сайысының нәтижесінде бірінші орын Нұрбол Жауынбаевқа бұйырып, ол 300 мың теңге ақшалай сыйақыны қанжығасына байлады. Ал Аруна Керімбек екінші (200 мың теңге), Злиқа Наурызалина үшінші (100 мың теңге) жүлделі орынды иеленді. Арнайы жүлдеге Қайырхан Жұбаниязов лайықты болды. Сондай-ақ қалған айтыскерлер де ынталандыру сыйлықтарын алып қайтты.