Жаңалықтар мен оқиғалар
"СӘЙГҮЛІК" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

15 қазан күні Қазақстан халқы Ассамблеясының залында Ақтөбе облысы әкімдігінің қолдауымен облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, Халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен қазақтан шыққан тұңғыш бард, ақын Табылды Досымовтың шығармашылығына арналған «Сәйгүлік» атты ән байқауы өтті.
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай өткізілген байқаудың мақсаты — бард ақынның шығармашылығын кеңінен насихаттау.
Байқауға Жезқазған, Талдықорған, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облысынан 14 үміткер қатысты.
Ән байқауына ҚР Жазушылар одағы басқармасының төрағасы, ақын Ұлықбек Есдәулет бастаған бір топ меймандар, Т.Досымовтың жары Қарылғаш Ибатова мен ұлы Абыл Аяш қатысып, кештің құрметті қонақтары болды.
Шараның ашылу салтанатында сөз алған облыс әкімінің орынбасары Бұлбұл Елеусінова облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің құттықтауын жеткізсе, ал белгілі композитор Қалдыбек Құрманәлі осындай Табылды Досымовқа арналған игі шаралар еліміздің барлық қалаларында өткізілуі керек деген тілегін айтты.
Байқау Табылдының өмірі мен өнеріне арналған көріністен басталды.
Өнер додасында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері, композитор, әнші, Елена Әбдіхалықова, ұстаз, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Марат Әйтімов, Т.Досымовтың шәкірті, Қазақстанның мәдениет саласының үздігі Есенбай Құли, Т.Досымов атындағы республикалық қоғамдық қордың төрағасы, ақын Бижан Қалмағанбетов, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы А.Юнисова қазылық етті.
Қорытындысы бойынша 1 миллион теңгелік Бас жүлдені маңғыстаулық Айгүл Құбаш еншіледі. 600 мың теңгелік I орын атыраулық Алтынбек Бақтыгереевке берілді. II орынды Қызылордадан келген әкелі-балалы Асылбековтер отбасылық дуэті алды. Мұның қаржылай сыйлығы — 400 мың теңге. Ал III орынды ақтөбелік «А-В» дуэті мен оралдық Айбек Кахов бөлісті. Бұлардың әрқайсысына 200 мың теңгеден берілді.
Байқаудың 150 мың теңге арнайы жүлдесін Сапарбай Алтыбай мен Қуан Жаңбырбай алды. Қалған қатысушыларға диплом және 100 мың теңгеден ынталандыру сыйлығы табысталды.