Жаңалықтар мен оқиғалар
АҚТӨБЕДЕ «ЕДІГЕ ДЕГЕН ЕР ЕКЕН» ЖЫРШЫЛАР БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

13-14 қазан күндері Ақтөбеде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында «Едіге деген ер екен» атты республикалық жыршылар байқауы өтті.
Байқау облыс әкімдігінің қолдауымен, ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылды. Ұйымдастырушылар — облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен облыстық халық шығармашылығы орталығы. Өнер додасына Маңғыстау, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Ақтөбе облыстарынан және Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларынан да жыршылар қатысты. Барлығы 18 жыршы бақ сынасты.
Ашылу салтанатында ұйымдастырушылар атынан облыс әкімінің орынбасары Бұлбұл Елеусінова сөз сөйлеп, жыршыларға сәттілік тіледі және жыршылық өнерді қолдауға, дамытуға арналған шаралардың алда да жалғаса беретінін айтты.
Қазылар алқасында белгілі жыршы-теремші, Маңғыстау облыстық ғылыми-әдістемелік, мәдени қызмет көрсету орталығының маманы Елдос Еміл төрағалық етті. Қазылар қатарында жыршы, облыстық халық шығармашылығы орталығы жанынан ашылған «Ер Едіге» жыр мектебінің ұстазы Әділбек Сарин, бауырлас қырғыз елінен келген жыршы, манасшы, Манас Орда Ұлттық кешенінің ғылыми қызметкері Камил Мамадалиев, Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының директоры Серік Нұрмолдаев және облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Алтынай Юнисова болды.
Байқау үш кезеңнен тұрды. Алғашқы кезеңінде Ақтан Керейұлы, Батақтың Сарысы, Шернияз Жарылғасұлы, Әбубәкір Кердері, Нұрпейіс Байғанин, т.б. белгілі жыршылар мен ақындардың шығармалары орындалса, екінші кезеңде ел аузында сонау ХV-ХVІІІ ғасырлардан бері айтылып келе жатқан жырларға кезек беріліп, үшіншісінде өз таңдауларындағы басқа жырлар да ұмыт қалмады.
Қорытындысында бас жүлдеге маңғыстаулық Сәрсенбай Рахманбердиевке лайықты деп танылды. Жеңімпазға 700 мың теңгенің сертификаты табысталды. Ақтөбелік жыршы Бердібай Тойғұлиев І орын иегері атанды. Оның жүлдесі — 500 мың теңге. Екінші орын батысқазақстандық Фархат Оразов пен ақтөбелік Жеңіс Елемесовке берілді. Олардың әрқайсысына 350 мың теңгелік сертификат тапсырылды. Үш бірдей жыршыға үшінші орын бұйырды: Манаш Әділбаев (Маңғыстау облысы), Нұрайым Ерталапқызы (Нұр-Сұлтан қаласы) және Самал Медеубаева (Ақтөбе облысы). Оларға берілген жүлде мөлшері — 250 мың теңге.
Ер Едіге атындағы арнайы жүлдеге (350 мың теңге) маңғыстаулық Аманкелді Сәңкібаевтың өнері лайық деп табылды. Ал Ақтөбе облысы әкімінің арнайы жүлдесін (150 мың теңге) Нұр-Сұлтан қаласынан келген жыршы Әбдірахман Естайұлы алды.
Бір ерекшелігі, байқауға қатысқан жыршылардың біразы — жастар. «Жас жыршы» жүлдесіне (150 мың теңге) ақтөбелік Ғани Қайроллаев ие болды.
Бағзы өнерді ұлықтау жолындағы екі күнге созылған байқау жеңімпаздары мен қатысушыларына диплом, «Ер Едіге - Ноғайлы дәуірінің жыры» атты музыкалық антологиясы, арнайы «Едіге» қоғамдық қорының «Едіге» төсбелгісі табысталды.