Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мемлекеттік мекемесінің

«Облыстық халық шығармашылығы орталығы» МКҚК

РусскийҚазақ
В Актобе
°C

Жаңалықтар мен оқиғалар

ҚЫЛҚАЛАМ ИЕСІНІҢ ШЕБЕРЛІК САҒАТЫ

ҚЫЛҚАЛАМ ИЕСІНІҢ ШЕБЕРЛІК САҒАТЫ
Облыстық халық шығармашылығы орталығында суретші, сәндік-қолданбалы өнер шебері, ұстаз Елена Нольдің шеберлік сағаты өтті. Ол қатысушыларға арнайы техникамен сурет салуды үйрете отырып, бұрын қылқалам ұстамаған болсаңыз да, түрлі-түсті акварель бояуымен көңіліңіз қалаған суретті салып шығуға болатындығын көрсетіп, бағыт-бағдар берді.
  Өнер иесі қарапайым акварель бояуы мен қылқаламды пайдалана отырып, қиялға ерік беріп, әдемі композицияларды салу арқылы керемет күй мен саусақ ұшындағы сұлулыққа тәнтілікті жеткізе білді.