Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мемлекеттік мекемесінің

«Облыстық халық шығармашылығы орталығы» МКҚК

РусскийҚазақ
В Актобе
°C

Жаңалықтар мен оқиғалар

ЖЫРАУЛЫҚ ӨНЕРГЕ АРНАЛҒАН БАСҚОСУ

ЖЫРАУЛЫҚ ӨНЕРГЕ АРНАЛҒАН БАСҚОСУ
          2021 жылғы 30 қыркүйек күні облыс әкімдігінде «Ата жырда әруағы бар бабамның» атты дөңгелек үстел өтті. Оған облыс әкімінің орынбасары Бұлбұл Елеусінова, облыстық мәслихат депутаты, ғалымдар, жыршы-жыраулар, тарихшылар, өлкетанушылар, мемлекеттік органдардың, жоғары және арнаулы оқу орындары, қоғамдық қордың, БАҚ өкілдері қатысты. Басқосу облыстық халық шығармашылығы орталығы "Ер Едіге" жыр мектебінің ата-бабадан қалған поэтикалық дәстүрдің алтын тінін келер ұрпаққа жалғастыру, дәріптеу, насихаттау мақсатында өткізілді.
          Шараны жүргізген облыс әкімінің орынбасары Бұлбұл Ораққызы ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай және «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қолға алынған облыс көлеміндегі кешенді іс-шараларға тоқталды.
- Төл өнеріміз — жырды көздің қарашығындай сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу — баршамызға ортақ парыз. Батыс жыраулық мектебі өзінің сөз саптау, сөз таңдау мәдениетімен ерекше.
          Өңірдегі кешенді іс-шаралар бабадан қалған құндылықтарды жаңғыртып, дәстүрлі өнердің діңгегін бекітіп, биіктете түсетіні анық. Кездесуде жыраулық өнер мен руханиятқа қатысты тұшымды ұсыныс-пікірлер, келелі ой айтылып, оның бірқатарын бірлесе жүзеге асыру қажет, — деді облыс әкімінің орынбасары.
          Жиын барысында облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Алтынай Юнисова, едігетанушы, филология ғылымдарының докторы, профессор Жұманазар Асан, ұстаз, ақын-драмматург, білім беру және мәдениет саласының ардагері Нұрлыбек Қалауов, "Едіге" қоғамдық қорының төрағасы Ахат Мырзалин, журналист Ардақ Қонақбаева, белгілі жыршы-жыраулар, «Ер Едіге» жыр мектебінің ұстаздары Демеубай Жолымбетов, Әділбек Сарин т.б. көне мұраны бүгінгі және келешек жастың бойына сіңіріп, құлағына жеткізу жолындағы кешенді жүргізілген жұмыстарды саралап, ой-пікірлерін ортаға салды.
          Соңында жыршы, А.Жұбанов атындағы музыкалық колледжінің ұстазы Жеңіс Елемесов «Едіге батыр" эпосынан үзінді жырлады.