Жаңалықтар мен оқиғалар
1 қазан – Халықаралық қарттар күні

Облыстық халық шығармашылығы орталығы Халықаралық қарттар күні қарсаңында облыстық қарттар мен мүгедектер интернат үйінде концерт қойды. Арнайы ұйымдастырылған мерекелік шарадан соң қариялар ерекше қуанышқа бөленіп, алғыстарын жаудырды.
Бұл концертте облыстық халық шығармашылығы орталығының әншілері, атап айтсақ Құралай Әленова, Бағдат Балмағамбетова, Нұргүл Рамазанова, Бота Ділдина сынды өнерпаздар халық әндерін, термелер мен қазақстандық композиторлардың танымал шығармаларын айтты.
«№1 Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ-нің директоры А.Мұханбетқали барша ардагерлер атынан рахмет айтып, алғыс хат табыстады. Қазыналы қарттарымыз аман болсын.