Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мемлекеттік мекемесінің

«Облыстық халық шығармашылығы орталығы» МКҚК

РусскийҚазақ
В Актобе
°C

Жаңалықтар мен оқиғалар

Бас жүлде Займолда отбасында

Бас жүлде  Займолда отбасында
          2021 жылғы 30 маусым күні Ақтөбе қаласындағы «Анаға тағзым» рухани-адамгершілік тәрбие беру орталығында «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының облыстық кезеңі бойынша жеңімпаздар марапатталды. Шараға облыс әкімінің орынбасары Бұлбұл Орақова, мемлекеттік органдар, қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.
          Биыл «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының облыстық кезеңіне Ақтөбе қаласы және аудандардан 286 отбасы қатысқан. Байқаудың қорытындысы бойынша 26 отбасы іріктеуден өткен. Оның сегізі — облыстық кезеңнің жеңімпаздары.
          Шарада іріктеуден өткен отбасыларға арнайы дипломдар, «Отбасы хрестоматиясы» кітаптар топтамасы, сертификаттар табысталды. Атап айтсақ, байқаудың бас жүлдесін Ойыл ауданынан қатысқан Займолда отбасы жеңіп алса, 1-орынды шалқарлық Сырлыбаевтар отбасы, 2-орынды Әйтеке би ауданынан қатысқан Әбеновтар отбасы иеленді. Ал 3-орын мәртөктік Таспеновтер мен ақтөбелік Аймағамбетовтер отбасы иеленді.
          Биылғы байқаудың тағы бір ерекшелігі, комиссия мүшелері жетістіктерімен ерекшеленген отбасыларға  «Қара шаңырақ», «Шапағат шуағы», «Бірлік босағасы» номинацияларын тағайындады.
          Шара барысында облыстағы өнерлі отбасылар әннен шашу шашып, құттықтады.
          Биыл қыркүйек айында өтетін республикалық байқауға Займолда отбасы қатысатын болады.