Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мемлекеттік мекемесінің

«Облыстық халық шығармашылығы орталығы» МКҚК

РусскийҚазақ
В Актобе
°C

Жаңалықтар мен оқиғалар

ҚАЗАҚТЫҢ НАРҚАСҚА ТАБЫЛДЫСЫ

ҚАЗАҚТЫҢ НАРҚАСҚА ТАБЫЛДЫСЫ
          2021 жылғы 14 шілде күні облыстық халық шығармашылығы орталығында қазақтың бард ақыны Табылды Досымов атындағы республикалық қордың құрылтайшысы, кәсіпкер, ақын Бижан Қалмағанбетовпен онлайн кездесу өтті. Сұхбат барысында Бижан Қалмағанбетов өнер иесімен таныстықтары туралы естеліктер айтып, досы Табылдының өмірі мен артында қалған музыкалық мұрасын насихаттап, рухани мол қазынасын дәріптеуге бағытталған жоспарларымен бөлісті.
          Қамшының сабындай қысқа ғұмырында баға жетпес мұра қалдырған Табылды Досымовтың әндері көптің жүрегін жаулап алғаны анық. Атап айтсақ, "Жалған дүние», «Ұнатамын мен сені», «Сәйгүлік», «Мен қазақпын» туындыларын әнсүйер қауым жақсы біледі, сүйіп тыңдайды.
Кешті ақын-сазгер, ҚР Мәдениет саласының үздігі, "Ақтөбе әуендері" бірлестігінің жетекшісі Орал-Қосай Байсеңгір жүргізіп, бард өнерінің алғашқы қарлығашы, ақын Табылды Досымовтың "Гурий Назаровқа ашық хат", "Сәйгүлік" әндерін айтты.
          Шоқтығы биік талант иесі Табылды Досымов 90-шы жылдары жарқ етіп шығып, өнерге тың серпін алып келді. Оның салған әні, поэзиясы сол биігінен аласармай, мәңгі жасай береді.