Жаңалықтар мен оқиғалар
«ШАШУДЫҢ» ТӘУЕЛСІЗДІККЕ ТАРТУЫ ЖАЛҒАСУДА
«Тәуелсіздік – ел тұғыры» айдарымен берілетін онлайн-концерттерге республикаға танымал, ұлттық өнерімізді дәріптеп келе жатқан обылстық халық шығармашылығы орталығының «Шашу» халықтық отбасылық ансамблі алғашқы боп үн қосты. Жаңа форматтағы концертте өздерінің балаларынан бөлек, 18 ұл-қызды бауырына басқан белгілі жыршы Өмірхан Жетесов пен әнші, «Шапағат» медалінің иегері Амангүл Ешпанова әріптестеріне, осылайша, үлгі көрсетіп келеді.
16 шілде күні өнер ұжымы @Аktobe_ocnt инстаграм парақшасында кезекті онлайн концертін тарту етті. Өнерлі шаңырақ Құрманғазының «Адай», Н.Тілендиевтің «Ата толғауы», А.Жұбановтың «Тәжік биі» күйлерін, басқа да композиторлардың шығармаларын нақышына келтіре орындап, терме төгілтті, арасында жыр да айтты. Олардың түрлі ұлттық аспаптарда шебер ойнайтын кішкентайларының өнеріне телефонның арғы жағында отырған үлкен-кіші көзайым болды. Оған әлеуметтік желілерге жазылған жағымды пікірлер, ұлттық аспаптарға қатысты қойылған сұрақтар мен жолданған «жүрек лүпілдері» (лайктар) дәлел.