Жаңалықтар мен оқиғалар
Мәдениет және өнер саласы ұйымдары мен қызметкерлері Форумының «Рухани қазына» облыстық фестивалі

2018 жылғы 4 мамыр күні Өнер орталығында облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшылығымен Мемлекет Басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыру және ҚР Мәдениет және спорт министрлігі бекіткен Ережеге сай Мәдениет және өнер саласы ұйымдары мен қызметкерлерінің «Рухани қазына» облыстық фестивалі өтті. Форум жұмысында аталмыш бағдарламаны жүзеге асыру барысында атқарылған істер мен алдағы жоспарлар талқыланды.
Қазіргі таңда облыс бойынша мемлекеттік: 239 кітапхана, 196 клуб, 2 театр, филармония, 21 музей халыққа қызмет көрсетеді.
Бір күндік Форум аясында: пленарлық мәжіліс, секциялық отырыстар, шеберлік сабақтары, сәндік-қолданбалы қолөнер шеберлерінің, әр ауданның мәдениет пен өнер саласындағы үздік жетістіктері бейнеленген көрмелері көрсетілді.
Жалпы, «Рухани қазына» фестивалі облыс деңгейінде 17-30 сәуір аралығында үш кезеңмен өткізілген болатын. Соның қорытындысына сай, «Үздік аудандық музей», «Үздік аудандық кітапхана», «Үздік ауылдық кітапхана», «Үздік ауылдық клуб», «Үздік қалалық Мәдениет үйі», т.б. аталымдар бойынша жеңімпаздар анықталған еді.
Облыстық фестивальде ү.ж. 21 мамыр - Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні Астана қаласында өтетін республикалық «Рухани қазына» фестиваліне қатысатын үздік ұжымдарға, сонымен бірге түрлі аталымдар бойынша үздік деп танылған қызметкерлерге де марапаттар, дипломдар мен ақшалай сыйлық сертификаттары тапсырылды. Ойыл аудандық Ш.Берсеев атындағы өнер және өлке тарихы музейі «Үздік аудандық музей» боп танылса, Ырғыз аудандық орталық кітапханасы — «Үздік аудандық кітапхана», ал Қарғалы ауданының Петропавл ауылдық клубы «Үздік ауылдық клуб» атағын иемденді. Ойыл аудандық Мәдениет үйі — «Үздік аудандық Мәдениет үйі», ал Темір ауданы Кеңқияқ ауылдық Мәдениет үйі «Үздікауылдық Мәдениет үйі» атағын жеңіп алды. С.Бәйішев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасы мен облыстық тарихи-өлкетану музейі де үздіктер қатарынан табылды.