Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мемлекеттік мекемесінің

«Облыстық халық шығармашылығы орталығы» МКҚК

РусскийҚазақ
В Актобе
°C

Жаңалықтар мен оқиғалар

ДОМБЫРА – ХАЛЫҚ МҰРАСЫ

ДОМБЫРА – ХАЛЫҚ МҰРАСЫ

       «Дариға, домбырамды бер­­ші маған, Жаныма келші жарым, келші балам...» деп ақиық ақын Мұқағали жырлағандай, «Нағыз қазақ қа­зақ емес, нағыз қазақ – домбыра!» деп Қадыр Мырза Әлі айтқандай, қазақ пен домбыра егіз ұғым.

          2021 жылғы 1 шілде Ұлттық домбыра күні қарсаңында облыстық халық шығармашылығы орталығы «Домбыра – халық мұрасы» атты онлайн концерт ұйымдастырып, аталған мерекенің көркін кел­тіріп, көрермендерді көмейінен күмбірлі күй төгіл­ген қасиетті қазақ аспабының үнімен бөлегені сөзсіз.
          Ұлт­тық домбыра күні жыл сайы­н шілде айының алғашқы жек­сенбісінде аталып өтіледі. Биыл бұл мереке 4 шілдеге келіп отыр.
          Айтулы шарада тікелей эфир көрермендері «Шашу» халықтық отбасылық ансамблі, Бағдат Балмағамбетова, «Күйшілер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі облыстық филиалының мүшелері, белгілі күйшілер, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаттары Құрманғазы Асылханов, Жалғас Болатұлы, «Әдеп» халықтық тобы бастаған өнер­паздардың өнерін тамашалады.
          Сахна төрінен облыстың белгілі өнер ұжымдары, жыршы-термешілер, домбыра шеберлері əн-күй төкті.