Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мемлекеттік мекемесінің

«Облыстық халық шығармашылығы орталығы» МКҚК

РусскийҚазақ
В Актобе
°C

Жаңалықтар мен оқиғалар

"ӨНЕРЛІ ОТБАСЫ" НОМИНАЦИЯСЫНЫҢ ИЕГЕРІ

"ӨНЕРЛІ ОТБАСЫ" НОМИНАЦИЯСЫНЫҢ ИЕГЕРІ
Жетесовтер отбасы "Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауының қалалық кезеңіне қатысып, "Өнерлі отбасы" номинациясына ие болды.
Белгілі жыршы Өмірхан Жетесов пен әнші, "Шашу" халықтық отбасылық ансамбльдің жетекшісі, «Шапағат» медалінің иегері Амангүл Ешпанованың өнерлі шаңырағы көпке үлгі. Олар өздерінің балаларынан бөлек, 18 ұл-қызды бауырына басқан мейірімге толы шаңырақ иелері.
"Шашу" халықтық отбасылық ансамблі 2004 жылдан бері сахнада өнер көрсетіп келеді. Облыстық халық шығармашылығы орталығы жанынан құрылған «Шашу» — ұлттық өнерімізді, соның ішінде әнімізді, жырымыз бен күйімізді дәріптеп келе жатқан өнер ұжымы.