«АНА ӘЛДИІ» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУҒА ІРІКТЕУ АЯҚТАЛДЫ
«Қара шаңырақ» республикалық қоғамдық бірлестігі өңірлік филиалы және облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен «Ана әлдиі» атты республикалық байқауының облыстық іріктеу кезеңі өтті.
Байқауға Алға, Әйтеке би, Байғанин, Қобда, Ойыл, Шалқар, Хромтау, Мұғалжар, аудандарынан және Ақтөбе қаласынан келіп түскен 11 бейнематериалдарды құрамына облыстық мәслихат депутаты, «Nur Otan» партиясы АОФ отбасын қолдау, әйелдер мен балалар құқығын қорғау қоғамдық кеңесінің, республикалық «Қара шаңырақ» ҚБ Ақтөбе облыстық филиалының төрайымы Бақыт Жаншаева, облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отабсылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия хатшысы Дана Тынымқұлова, Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің төрағасы Жұмабике Қалиева, облыстық тарихи-өлкетану муззейінің бөлім меңгерушісі, «Шолпы» клубының жетекшісі Алмагүл Сарыбай, облыстық халық шығармашылығы орталығының «Шашу» халықтық отбасылық ансамблінің көркемдік жетекшісі Амангүл Ешпанова енген қазылар алқасы сарапқа салды.
Ал іріктеу кезеңінде үздік деп танылған мына бейнематериалдар қазылар алқасының шешімімен байқаудың республикалық кезеңіне жолданады. Олар: Ақтөбе қалалық Қазақ зағиптар қоғамы мәдениет үйінің әдіскері Света Қабыланова,
Ойыл аудандық мәдениет үйінің «Ойыл ауданы келіндері», Қобда аудандық мәдениет үйінің әдіскері Венера Идиятова және
Әйтеке би аудандық «Целинник» мәдениет үйі вокал үйірмесінің жетекшісі Камшат Айтмағамбеттің бейнематериалдары. .