Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мемлекеттік мекемесінің

«Облыстық халық шығармашылығы орталығы» МКҚК

РусскийҚазақ
В Актобе
°C

Жаңалықтар мен оқиғалар

Екпе салдыру өзекті

Екпе салдыру өзекті

          2021 жылғы 30 маусым күні облыстық халық шығармашылығы орталығы қызметкерлерімен №1 қалалық емхананың жалпы практикалық дәрігері Назым Жұмабаева мен осы емхананың салауатты өмір салтын қалыптастыру маманы Лена Жантөрина және Ақтөбе салауатты өмір салтының дәрігері Алмагүл Айтқұлова кездесіп, коронавирусқа қарсы екпе салу тәртібі мен ережесін түсін­дірді. Кездесуде сөз сөйлеген дәрігерлер вакцина салу туралы жиі қоятын сұрақтарға жауап берді.

-Екпе салу тегін жүргізіледі, ақпарат электронды түрде базаға енгізіліп, паспорты беріледі. Екпе салдырғаннан кейін бас ауруы, температура көтерілуі, тамақтың қышуы секілді белгілері болуы мүмкін. Дегенмен оны тек қана коронавирусқа қарсы екпенің салдары деуге болмайды. Кез келген екпеден кейін де дәл осындай белгілер байқалуы мүмкін, - деп түсіндіріп өтті дәрігер Назым Жұмабаева.