Жаңалықтар мен оқиғалар
17 ЖАСАР САМАЛ БАС ЖҮЛДЕНІ ИЕЛЕНДІ
2021 жылғы 23 маусым күні Ақтөбеде Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында облыстық халық шығармашылығы орталығының «Ер Едіге» жыр мектебі облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен «Едіге деген ер екен…» атты облыстық жыршылар байқауын ұйымдастырды.
Мақсат - қастерлі ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай тарихымызды дәріптеу, батыр бабаларымыздың биік рухына тағзым ету, төл өнеріміз - жырды өрістете отырып, жастарды көп жанрлы дәстүрлі рухани мұрамызбен тәрбиелеу.
Жарысқа Әйтеке би, Мұғалжар, Қарғалы, Қобда, Шалқар аудандары және Ақтөбе қаласынан 12 жыршы қатысып, бақтарын сынады.
Үміткерлердің өнерін «Ер Едіге» жыр мектебінің жетекшісі мен ұстаздары, белгілі жырау-жыршылар Демеубай Жолымбетов, Әділбек Сарин, Есентүгел Әзи, «Ер Едіге» қоғамдық қорының төрағасы Ахат Мырзалин, С.Бәйішев атындағы университеттің профессоры, филология ғылымдарының докторы, едігетанушы Жұманазар Асан бағалады.
Байқау талабы бойынша қатысушылар алғашқы кезеңде қазақ руханиятының бір бөлшегі — Ақтөбе өңірінен шыққан Батақтың Сарысы, Шернияз Жарылғасұлы, Ақтан Керейұлы, Әбубәкір Кердері, Нұрпейіс Байғанин сынды әнші-жыраулар мен халық композиторларының шығармаларын айтса, ал екінші кезеңінде «Едіге» жырының Ш.Уәлиханов, Мұрын жырау, Нұртуған ақын нұсқаларының бірінен үзінділер жырлады (20 минут).
Сонымен бас жүлдені (100 000 теңге) А.Жұбанов атындағы музыка колледжінің 2 курс студенті Самал Медеубаева жеңіп алды. Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармонияның әншісі Ғазиза Әбдірова 1-орынды иеленсе, 2-орын А.Жұбанов атындағы музыка колледжінің 2 курс студенті Ғани Қайроллаевқа бұйырды. Үш бірдей 3-орынды қобдалық Бердібай Тойғалиев, Сазды ауылынан Қази Хожамуратов және ақтөбелік Жеңіс Елемесов еншіледі. Тағы 6 жырышға ынталандыру сыйлығы берілді.