Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мемлекеттік мекемесінің

«Облыстық халық шығармашылығы орталығы» МКҚК

РусскийҚазақ
В Актобе
°C

Жаңалықтар мен оқиғалар

Ақтөбеде жыршылық өнерді дамыту талқыланды

Ақтөбеде жыршылық өнерді дамыту талқыланды

         Облыстық халық шығармашылығы орталығы «Ер Едіге» жыр мектебінің ашылуымен шектеліп қалмай, халқымыздың жыршылық дәстүрін қайта жаңғырту жолындағы жұмыстарды одан әрі жалғастыра бермек. Жыршылық өнердің тұғыры қашанда биік. Осы мақсатта облыстық халық шығармашылығы орталығы ақ дастарқан басында белгілі жыршы, термешілердің басын қосып, өңірде жыршылық өнерді дамыту, жаңғырту және насихаттауға арналған басқосу ұйымдастырды.                                                                                                                                Кездесуге жыршы-термеші, республикалық жыршы-термешілер байқауының бірнеше мәрте жеңімпазы, «Ер Едіге» жыр мектебінің жетекшісі Демеубай Жолымбетов және мектептің ұстаздары дәстүрлі әнші, жыршы-термеші, Наурызбек жырау мектебін жалғастырушы Әділбек Сарин, С.Бәйішев университетінің «Рухани жаңғыру» институтының ғылыми қызметкері Есентүгел Әзи, ардагер журналист, театр сыншысы, сатирик Арджақ Қонақбаева,  «Едіге» қоғамдық қоры төрағасының орынбасары Қайырқожа Елеусіз, ҚР мәдениет қайраткері Перуза Нарман, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты Ғазиза Әбдірова, Елдос Жұмағұлов т.б. қатысты.                                    Жыраулар мұрасы — бүкіл түркі халықтарына ортақ қазына. Сондықтан «Ер Едіге» жыр мектебінің жұмысын жалғастыра отырып, өңірде жырды келер ұрпақ жалғастыру үшін осы топы­рақ­тың жыр-құнарымен сусындаған өнер ортасын қалыптастыру, қазақтың жыр-дастандарын жастардың бойына сіңіру және үйрету, байқаулар және шеберлік сағаттарын ұйымдастыру арқылы шеберліктерін шыңдау мәселелері айтылды.                                                                                                                                                                                                                  Наурыз мерекесінде ашылған «Ер Едіге» жыр мектебінде 21 жас жыршы тәрбиеленуде.                                                                                        Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында атап көрсетілген «Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы» жобасы аясында қазақтың дәстүрлі музыкалық өнерін жаңғырту мақсатында бұл бастаманы қолға алған — аталмыш мектептің жетекшісі Демеубай Жолымбетов. Жыраулық өнерді қолдап, ұрпақтан ұрпаққа әспеттей берейік, ағайын!