Жаңалықтар мен оқиғалар
ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР ҰЛЫҚТАЛҒАН ШАҢЫРАҚПЕН ҚАУЫШУ

Ақтөбеде облыстық мәдениет және өнер қызметкрелерінің қатысуымен өткен үш күндік семинар-тренингінің спикері - Жамбыл атындағы Қазақ Мемлекеттік филармониясының директоры, өнертану ғылымдарының магистрі, «Халық алғысы» және «Мәдениет саласының үздігі» мемлекеттік төсбелгілерінің иегері, музыкант-мультиаспапшы, «Тұран» фольклорлы-этнографиялық ансамблінің белді мүшесі Серік Нұрмолдаев өңірде болған сапарында өздерінің балаларынан бөлек, 18 ұл-қызды бауырына басқан Өмірхан Жетесов пен Амангүл Ешпанованың өнерлі шаңырағында болды.
Елімізге өнері ғана емес, балаға деген мейірімімен де белгілі «халықтық» атағы бар «Шашу» отбасылық ансамблі 2004 жылдан бері сахнада өнер көрсетіп келеді. Облыстық халық шығармашылығы орталығы жанынан құрылған «Шашу» — ұлттық өнерімізді, соның ішінде дәстүрлі ән-күйімізді, жырымызды, аспаптарымызды дәріптеп, насихаттап келе жатқан өнер ұжымы. Жетекшісі – «Шапағат» медалінің иегері Амангүл Ешпанова.

Кездесу барысында әлемнің 70 елінде 600-ден астам жеке концерт беріп, этно-фольклорлық музыка өнерінің феноменіне айналған «Тұран» ансамблінің белді мүшесі және этнотерапия жобасының авторы Серік Нұрмолдаев ансамбль мүшелерінің өнеріне тәнті болып, домбыра, сыбызғы тартып, алдағы уақытта өнерпаздарға шығармашылық бағыт-бағдар беріп, өз көмегін ұсынды.