Жаңалықтар мен оқиғалар
"Отбасында өмір сүру бақыты" онлайн кездесу

2021 жылғы 10 маусым күні облыстық халық шығармашылығы орталығы «Бақытты бала - бақытты ел» республикалық акциясы аясында "Аңсар" кеңес беру-оңалту орталығының теолог маманы Роза Бисембаеваның қатысуымен "Отбасында өмір сүру бақыты" тақырыбында онлайн кездесу өткізді.
Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында «Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды» деп ұлттық жаңғырудың негізгі бағыттарын айқындап берді.
Осы орайда отбасында жастардың және балалардың, әсіресе, діни тұрғыдағы тәрбиесі өте маңызды. Кездесу барысында Роза Бақытқызы отбасы құндылықтары және діни білімі жағынан тәжірибесіне сүйене отырып, күрделі мәселе төңірегінде, сондай-ақ бақытты отбасы, саналы да білімді ұрпақ қалыптастырудағы ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағының кепілі екендігіне тоқталып өтті.
Халқымыздың осындай тамыры терең кеткен, тарихымен бірге жалғасып келе жатқан рухани байлықтарының бірі - отбасы құндылықтары, бала тәрбиесі төңірегіндегі кездесу жалғасатын болады.