Жаңалықтар мен оқиғалар
КҮЙШІ ҚАМБАР
31 мамыр - саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні облыстық халық шығармашылығы орталығы және «Күйшілер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі облыстық филиалы көрнекті күйші, Құрманғазы атындағы халық аспаптар оркестрін құрушылардың бірі Қамбар Медетовтың 120 жылдығына арналған «Күйші Қамбар» атты еске алу кешін өткізді.
Еске алу кешіне белгілі күйшілер, Қ.Медетов атындағы Мәртөк аудандық өнер мектебінің өкілдері, жастар қатысты.
Кезінде репрессияға ұшырап, есімдері мен еңбектері ұзақ жылдар бойы аталмай келген өнер қайраткерлері аз емес. Солардың бірі — белгілі күйші, Әбілқайыр ханның жетінші ұрпағы, ұлы композитор Дәулеткерей, ғажайып әнші Мұхит секілді музыка тарихында аттары алтын әріппен жазылған өнерлі әулеттен шыққан Қамбар Медетов XX ғасырдың 30-жылдарындағы саяси репрессияның құрбаны болып, Қиыр Шығысқа айдалғаннан қайтып оралмаған.
Күйші Қамбар Медетов «Ақсақ құлан», «Боғда», «Жошыхан», «Шалқыма», «Қарасай», «Қостайбек», «Ел айрылған», «Қара жорға», «Алтынай» т.б. көптеген күйлерді ерекше тартқан. Солардың ішінде ерекше көңілінен шығып, жадында сақталғаны – атақты «Ақсақ құлан» күйі.
Атақты А.Затаевичке халқымыздың бай ән-күй мұраларының бірқатар нұсқаларын жаздырып, қалдырған өнер иесінің еске алу кешінде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, қазанғаптанушы Жайлау Асылханов, «Күйшілер одағы» облыстық филиалының төрағасы, күйші, Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармониясының А.Жұбанов атындағы қазақ ұлт аспаптар оркестрінің бас концертмейстері әрі ұстаз Талап Хамзин бастаған күйшілер Қазанғаптың «Көкіл», «18 жасар Балжан қыз» халық күйі «Ақсақ құлан» т.б. тартты.
Шара аясында 9 күйші «Күйшілер одағы» РҚБ облыстық филиалына мүше болып, оларға Одақтың куәліктері табысталды.