Жаңалықтар мен оқиғалар
ӘРІПТЕСТЕРІМІЗ МАРАПАТТАЛДЫ

21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні облыстық халық шығармашылығы орталығының алдында мерекеге арналған ашық аспан астындағы концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Мәдениет саласы еңбеккерлері қандай құрметке де лайық.
Мерекеге орай еңбегімен, кәсіби біліктілігімен басқаларға үлгі болып жүрген қызметкерлерге белгілі айтыс ақыны, облыстық мәслихат депутаты Жұлдыз Қожабекова облыстық мәслихаттың хатшысы Амангелді Нұғмановтың, «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ербол Данағұловтың Құрмет грамотасы және Алғыс хаттарымен Орталықтың көркемдік жетекшісі Сисемби Айтжановты, экономисі Лида Атағұлова мен «Әдеп» халықтық тобының мүшесі, дәстүрлі әнші Құралай Әленованы марапаттады.

Сондай-ақ облыстық халық шығармашылығы орталығының директоры Ләйла Омарова бөлім жетекшілері Баубек Дарханбаев, Жайнаргүл Мырзабекова, есепші Айгүл Бижановаға Алғыс хаттар мен гүл шоқтарын табыстады.
Ал Ақтөбе гарнизонының бастығы А.Айтқожиннің атынан Алғыс хат пен гүл шоқтарын облыстық халық шығармашылығы орталығының директоры Л.Омароваға ҚР Қорғаныс министрлігініі 30238 әскери бөлім командирінің орынбасары, подполковник Орынбасар Баратов табыс етті