Жаңалықтар мен оқиғалар
МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНЫҢ АРДАГЕРІ РОЗА ЖҰБАТҚАНҚЫЗЫМЕН ӨТКЕН ӘСЕРЛІ КЕШ
2021 жылғы 20 мамыр Мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында облыстық халық шығармашылығы орталығы мен Бөгетсай ауылдық мәдениет үйі сала ардагері, ҚР мәдениет қайраткері Роза Қаржаубаеваның қатысуымен "Мәдениет - рухани байлық" атты онлайн кездесу кешін өткізді.
Кеш қонағы - Роза Жұбатқанқызы Хромтау аудандық мәдениет үйінде 40 жылдан астам қажырлы еңбек етіп, аудан халқының рухани қанаттануына үлес қосқан абзал жан.
Кездесу барысында Роза Қаржаубаева ұзақ жыл бойы ел ішінде өнер мен мәдениетті насихаттап, халықтың мағыналы да мәнді демалысын ұйымдастырып, былайғы уақытта көп елене бермейтін қарапайым мәдениет қызметкерлерінің жұмысы туралы айтып, тәжірибесімен бөлісті.
Шара соңында Бөгетсай ауылдық мәдениет үйінің директоры Жаңаберген Токин ардагер Роза Жұбатқанқызына жүрекжарды лебізін білдіріп, барша ұжым атынын камзол кигізіп, құрмет көрсетті. Шынайы өрбіген әңгімеден рухани ләззат алған тікелей эфир көрермендері де пікірлерін жаудырды.