Жаңалықтар мен оқиғалар
ДАНИЯР - ЖІГІТ СҰЛТАНЫ

2021 жылғы 18 мамыр күні Хромтау аудандық мәдениет және спорт орталығы мен Никельтау ауылдық мәдениет үйі «Жігіт сұлтаны» байқауын өткізді. Ұйымдастырушылар бұл шараны ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арнаған.
Карантин талаптарына сәйкес көрерменсіз, онлайн өткен байқауға Бөгетсай, Ақжар, Никельтау, Тассай, Тасөткел ауылдарынан 6 үміткер қатысты.
Байқауға қатысушылар сайыстың алғашқы кезеңінде өзін, ата-тегін, өскен жерін таныстырса, келесі кезеңінде гір көтеріп, күштерін сынасты. Үміткерлердің ісмерлік, шеберлік, қолөнерлік қасиеттерін көрсеткен сынақта қамшы өріп, ағаштан ою ойып, ноқта-жүген түю, ат әбзелдеріне де қатысты бұйымдарды жасап, қазылар алқасын тәнті етті.
Нәтижесінде Бөгетсай ауылдық мәдениет үйінің белсенді өнерпазы Данияр Жетпісов топ жарып, «Жігіт сұлтаны» атанды. Екінші орын – ақжарлық Темірлан Жүсіпов, үшінші жүлде – тасөткелдік Ерлан Жеңісұлына бұйырды.