Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мемлекеттік мекемесінің

«Облыстық халық шығармашылығы орталығы» МКҚК

РусскийҚазақ
В Актобе
°C

Жаңалықтар мен оқиғалар

БӘКІР ӘНДЕРІ ҚАЛЫҚТАДЫ

БӘКІР ӘНДЕРІ ҚАЛЫҚТАДЫ

          2021 жылғы 14 мамыр күні облыстық халық шығармашылығы орталығы әндері әр қазақтың жүрегінен орын алған ақын, композитор, драматург, әнші Бәкір Тәжібаевтың 95 жылдығына арналған «Ән ғұмырдың иесі» атты онлайн концертін өткізді. Бұл шара сондай-ақ ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына да арналды.

          Кеште өнерпаздар мен шығармашылық ұжымдар инстаграм желісіндегі @Аktobe_ocnt парақшасы арқылы ән шырқап, тікелей эфирден көрермендерге керемет көңіл күй сыйлады. 

          Концертті «Әдеп» халықтық тобы Бәкір Тәжібаевтың әйгілі «Ақбұлақ» әнімен ашты. Одан әрі жас айтыскерлер үйірмесінің жетекшісі Марат Ахметов, жас әнші Нұргүл Рамазанова «Бауырыма», «Сағындым сені», «Туған жер» әндерін шырқады. Концертте Бәкірдің ел есінен кетпейтін небір әндері айтылды. Атапа айтсақ, «Асыл арман», «Іңкәрім-ай», «Елігім-еркем» т.б.

          Жас әнші Бағдат Балмағамбетова, белгілі сазгер Сейсен Айтжанов сынды өнерпаздардың салған әндерін көрермен­дер бірге шырқап, жылы лебіздерін білдірді. Оған әлеуметтік желілерге жазылған жағымды пікірлер мен жолданған «жүрек лүпілдері» (лайктар) дәлел.

          Қазақ халқымен бірге жасай беретін Бәкірдің әндері дәуір үнімен үндесіп, талай ғасырға жететіні сөзсіз.