Жаңалықтар мен оқиғалар
Облыстық «Ел іші - өнер кеніші» фестиваль-байқауының марапаттау Гала-концерті

2018 жылғы 4 мамыр күні Өнер орталығында облыстық халық шығармашылығы орталығы Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен «Ел іші - өнер кеніші» фестиваль-байқауы жеңімпаздарының Гала-концерті мен марапаттау салтанатын өткізді.
Аталған байқауда аудандық деңгейден топ жарып, озық атанған жеңімпаздар түрлі жанрда өнер көрсетті.
Облыстық байқаудың 6 аталымы бойынша жеңімпаздары өздерінің үздік шығармаларын барша қатысушы қонақтар мен көрермендер үшін тағы бір мәрте паш етті.
Фестивалдің басты ерекшелігі — Елбасы Н.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласына және ҚР Елордасы – Астана қаласының 20 жылдығына арналды. Аталмыш байқауға белгілі өнер майталмандары мен халықаралық, республикалық, облыстық жүлде иегерлері әділқазылық жасады.
Қаңтар-ақпан айларында фестиваль ауылдық және аудандық деңгейде өткізілді.
Облыстық өнер байқауында 200-ге жуық талант иелері 6 түрлі жанрда бақ сынаған болатын. Олардың ішінде үлкен сахнаға алғаш қадам басқан жас өнерпаздар да бар.
Аламан өнер бәйгесінде ең үздіктер топ жарды. Қорытындысы бойынша 74 жеке орындаушылар мен шығармашылық ұжымдары Бас жүлде, 1,2,3 жүлделі орындар және «Көрермендер көзайымы» номинациясы аталымдарымен марапатталды.