Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мемлекеттік мекемесінің

«Облыстық халық шығармашылығы орталығы» МКҚК

РусскийҚазақ
В Актобе
°C

Жаңалықтар мен оқиғалар

Клуб қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курсы аяқталды

Клуб қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курсы аяқталды
          14 ақпан күні облыстық халық шығармашылығы орталығының «Өнердің сазды өрнегі» атты есептік концерті аясында «Мәдени-тынығу жұмысы: теория және тәжірибе мәселелері» тақырыбы бойынша біліктілігін арттыру курсынан өткен клуб қызметкерлеріне сертификат табыстау рәсімі өтті.
          Облыстың мәдени-демалыс мекемелері қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курсына аудандар мен Ақтөбе қаласынан ауылдық клуб меңгерушілері, көркемдік жетекшілер, әдіскерлер, ұйымдастырушылар келді. Барлығы – 37 адам.
          Аталған семинарда «Format E" мәдени даму оқу-әдістемелік орталығының директоры, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «Мәдени және әлеуметтік жұмыс" кафедрасының аға оқытушысы Ерлан Әуесбаев (Шымкент қ.), Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің «Музыка және өнер» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, өнертану кандидаты, музыкатанушы Бақыт Тұрмағамбетова және белгілі дәстүрлі әнші Нұрым Асқанов, Ақтөбе облысының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын басқару орталығының басшысы Нұрлыхан Хасенов т.б. дәріс беріп, шеберлік сағатын өткізді.
          Сонымен қатар біліктілігін арттыру курсына қатысушыларға арнайы мәдени бағдарлама да ұйымдастырылды. Атап айтсақ, олар облыстық тарихи-өлкетану музейіне барып, Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театрында «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» қойылымын тамашалады.

Ал «Өнердің сазды өрнегі» атты концерті аясында Ақтөбе облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Нұрхан Кәдірбаев сөз сөйлеп, курс тыңдаушыларына сертификаттарды табыстады.

- Теория мен практиканы қатар ұштастырған семинар барысында тәжірибе алмасып, көп мағлұматтар алдыңыздар. Жұмыстардың мазмұнын, маңызын айқындап, жақсартуда бұл басқосудың мәні зор, - деп атап өтті Н.Кәдірбаев.