Жаңалықтар мен оқиғалар
АҚТӨБЕДЕ "ЕРКЕ ҚЫЗ" МЕЙІРІМДІЛІК ШАРАСЫ ӨТТІ

2021 жылғы 13 ақпанда облыстық мүгедектер қоғамы "Анаға тағзым" рухани тәрбие беру орталығында «Қайырымды істер марафоны» жалпыұлттық жоба аясында ерекше қажеттіктері бар қыз балалардың қатысуымен «Ерке қыз» шарасын өткізді.
Мақсаты – ерекше қажеттіктері бар балалардың ата-аналарына қолдау көрсету, ерік-жігерін нығайту, талантын ұштап, дарынды өнер иелерін халыққа таныту, өз мүмкіндіктеріне сендіру, өзгелерге үлгі ету, қолдап, әлеуметтік бейімдеу.
Шараның ұйымдастыруына облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы барынша қолдау көрсетті.
Жүректері мейірімге толы, жанашыр жандардың қолдауымен өткізген шараны облыстық мүгедектер қоғамының төрағасы Алмаз Жантикенов ашып, қатысушы балаларға сыйлықтарын ұсынса, ал Ақтөбе облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Алтынай Юнисова жылылыққа толы тілегін жеткізді.
Ерекше жандар ән айтып, би билеп, көркемсөз оқып, қолөнер сынды түрлі жанрдағы өнерлерін көрсетіп, көрермендерді тәнті етті.
Шара барысында өзінің балаларынан бөлек, 18 ұл-қызды бауырына басқан, «Шашу» халықтық отбасылық ансамблінің жетекшісі, «Шапағат» медалінің иегері Амангүл Ешпанованға облыстық мүгедектер қоғамының төрағасы Алмаз Жантикенов «Бопай ханша Қасымханқызы» белгісін табыс етті.
Барлық жүлдегерлер арнайы сыйлықтармен марапатталды.