Жаңалықтар мен оқиғалар
АҚТӨБЕДЕГІ ДӘСТҮРЛІ ӘНДЕР КЕШІ
2021 жылғы 1 наурыз күні облыстық халық шығармашылығы орталығының «Әдеп» халықтық тобы ән кешін өткізді. Ақтөбеліктерді тұнық әуенмен сусындатқан концерт «Алғыс елдің бәріне» деп аталды.
Алғыс айту күні көрермендерді думанға бөлеген ерекше концертте халқымыздың інжу-маржан мұрасындағы әсем әндер айтылды. Көмейіне бұлбұл ұялаған екі дәстүрлі әншілер Қуанышгүл Серікбаева мен Құралай Әленовадан құралған белгілі «Әдеп» халықтық тобы көрерменді өз өнерлерімен баурады.
Концертте халық әндері "Беу, айдай, "Ақ кербез", Ғарифолланың "Әнші дауысы", "Сүйген жар», Қызылдың "Ойкөк", Қазиханның "Ақсұр ат", сондай-ақ Базар, Нұрым, Нұртуған жырау секілді ұлт өнерінің алдаспандарының әйгілі әндері мен термелері шырқалды.
Кештің арнайы қонағы, талай-талай ән жәрмеңкесінде орындаушылық шеберлігімен жұртшылыққа таңдай қаққызған өнер майталманы, ҚР мәдениет қайраткері, Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармониясының әншісі әрі ұстаз Перуза Нарман қазақтың дәстүрлі ән өнерін көпшілікке сыйлап, үлкен құрметке ие болды.
Көрермендер сахнада жасындай жарқылдаған өнерпаздардың шеберлігіне тәнті болып, құрмет-қошемет көрсетті.
Дәстүрлі ән мектебінің дарабоз, дала дауысты аруларына, тек қасиетті қара домбырасының шанағынан шабыт кетпесін дейміз.