Жаңалықтар мен оқиғалар
Патриоттық әндер кеші
Облыстық халық шығармашылығы орталығы мен 6655 әскери бөлімінің бірлескен жобалары жалғасуда.
Осы бастама аясында 2021 жылғы 29 қаңтар күні қастерлі ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай облыстық халық шығармашылығы орталығының кіші концерт залында «Тәуелсіздік – бақыт бастауы» атты патриоттық әндер кеші өткізілді.
Жастарды елжандылыққа шақырған кешке от жүректі, өжет мінезді сарбаздар мен офицерлер шақырылды.
Концертке танымал өнер ұжымдары мен жеке әншілер, атап айтқанда, «Шашу» халықтық отбасылық ансамблінің мүшелері, термеші Құралай Әленова, «Өркен» үлгілі вокалдық тобының жетекшісі Нұргүл Рамазанова, Аслан Мұханбетжан ұлттық-патриоттық шығармаларды орындап, көрермен рухын көтеріп, тамаша сезімге бөледі.
Кешке жиналған сарбаздар рухтанып, ерекше сезіммен тарқасты.